Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарКүн сайын Астанада 50 мың полиэтилен өнімі қоқысқа кетеді

Күн сайын Астанада 50 мың полиэтилен өнімі қоқысқа кетеді

23 ақпан күні жасылдар партиясының ұйымдастыруымен өткен Экохакатонның басты мәселесі қоқыс болды.

Студенттермен кездесу барысында партия мүшесі және экобелсенді Мирас Аббасов саналы тұтынуға көшудің маңыздылығын атап өтті.

« Қазіргі күні әлемді маркетолог мамандар билеп, өз тауарларын ұсынады.Ал біз өз кезегімізде нақтылай заттардың қаншалықты қажеті бар екенін санамыздан өткізуіміз керек.Мысалы, бір джинсы шалбар шығару сегіз мың литр суды қажет етеді және оған басқа да ресурстар қажет. Сондықтан әр затты алмас бұрын ой таразысынан өткізу керек.»

Ой елегінен өткізбей алынған тауарлар да қоқыс санын көбейтеді.Ал Астана қаласында әзірге бір ғана қоқыс өңдейтін зауыт бар. Екіншісі әзірге тек жоспарда.

Қала көшелерін ұшып жүрген пакеттер мен шашылып жатқан пластикалық бөтелкелерден тазарту үшін Экохакатон қатысушылары жабық қоқыс жәшігін орнатуды ұсынды.«Күн сайын Астанада 50 мың полиэтилен өнімі қоқысқа кетеді,»- деп атап өтті М. Аббасов.

Студенттерді мазалайтын экологиялық мәселелер- Есіл өзенінің ластануы мен Талдыкөл мәселесі. Сондай-ақ өздері сияқты жастарды табиғатты аялауға шақыру үшін,  қала тұрғындарының экобелсенділігін арттыру үшін сенбіліктердің форматын өзгертіп, экоквест,марафон сияқты қызықты іс-шараларды өткізуді ұсынды.

«Baitaq» партиясының  жасыл экономика бойынша хатшысы Чингиз Лепсибаев партияның Астана аумағында ғана емес Қазақстан бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың жоспарымен бөлісті.

Байтақтар көгаландыру мен ТҚШ салаларында жаңа тәсілдерді қолдайды. Бар болғаны төрт жыл көлемінде партия мүшелері халықаралық стандартқа сәйкес келетін қала көрінісін көгаландыруды жоспарлап отыр.

Экохакатонда айтылған барлық ұсыныстар партияның жұмыс жоспарына енгізілетін болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments