Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026Көктем, драйв, дрифт-шоу: Қонаевта жарыс жеңімпаздары дауыс берді

Көктем, драйв, дрифт-шоу: Қонаевта жарыс жеңімпаздары дауыс берді

14 наурыз күні Қонаев қаласындағы ASP Arena-да көктемгі маусымның ашылуына арналған дрифт-шоу өтті. Жарысқа өңірдің және көршілес аймақтардың автоспорт әуесқойлары жиналып, көрермендерге әсерлі әрі тартысты бәсеке сыйлады.
Көктемнің алғашқы жарысына 40 автокөлік қатысып, жүргізушілер кәсіби шеберліктерін, жылдамдық пен дәлдікке негізделген дрифт техникасын көрсетті. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, ең мықты жүргізушілер анықталды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын –Петр Бородин,
2 орын –Евгений Васькин.
Жарыс жеңімпаздары азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысты.
«Дрифт-шоу Қонаевтағы ең әсерлі көріністердің біріне айналды. АСП аренада түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып жүр. Оған алыс-жақын шетелдерден келетін спортсүйер қауымды қоса есептегенде, мыңдаған көрермен жиналуда. Қаламыздың спорт саласы дамып жатқанына өте қуаныштымыз. Биылғы дрифт-шоу референдумға тұспа-тұс келді. Біз өз еліміздің азаматтары ретінде дауыс беріп, таңдауымызды жасадық», − деді Петр Бородин.
Аталған жарыс Қонаев қаласында автоспорт мәдениетін дамытуға, жастар арасында техникалық спорт түрлерін насихаттауға және өңірдің спорттық-туристік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments