Таран ауылдық округінде жастардың басын қосқан тағылымды кездесу өтті. Шараға Аналар кеңесінің мүшелері, ауыл имамы және қоғамдық белсенділер қатысып, татулық пен сыйластық туралы өнегелі ойларын ортаға салды.
Қазақстан – сан ұлт пен ұлыстың бейбіт отаны. Біздің ауылда да түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Бұл – ұрпақ бойындағы сыйластық пен ынтымақтың айқын көрінісі.
Аналар кеңесі жастарға отбасы құндылықтары мен үлкенге құрмет, кішіге ізет жайлы ой айтты. Ал ауыл имамы дініміздегі бірлік пен бейбітшілік қағидаларын түсіндіріп, жастарды ізгілікке үндеді.
Жастар өз кезегінде қоғамдағы бірлік пен келісімнің рөлі туралы пікір білдіріп, мәдени-рухани құндылықтарды сақтау ісіне белсене атсалысуға дайын екендерін жеткізді.
Бұл кездесу – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ауыл жастарының бірлік пен татулыққа деген көзқарасын бекемдеген маңызды шара болды.
#Жастар #Бірлік #Татулық #АналарКеңесі #Таран