Бүгін қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген қаламгердің 100 жылдығы Париж қаласында, ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде аталып өтті.
Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан 1992 жылы ЮНЕСКО мүшесі болды. Сол кезеңнен бастап түрлі салаға қатысты шаралар халықаралық деңгейде қолдау тауып келеді.
Сондай ауқымды шаралардың бірі 100 жылдық мерейтойға арналған конференцияны Елші, ҚР-ның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов жүргізді. Алқалы жиынға ҚР МАМ комитетінің төрағасы Рустам Әли қатысып, көпшілікке ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының құттықтауын жеткізді . Ал Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының құттықтауын облыстық маслихат төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы жеткізді. Сондай-ақ отырысқа бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бұған қоса шара барысында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Осы орайда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, филология ғылымының докторы Кенжехан Матыжанов және ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Жанарбек Əшімжан сөз алып, Б. Соқпақбаев шығармашылығының ерекшелігі, сондай-ақ Азия және Еуропа елдерінің әдеби байланысының маңызына тоқталды. Оған қоса асылдың тұяғы Самал Соқпақбаева әкесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шара барысында Мәдениет жөніндегі ЮНЕСКО Бас диреткорының орынбасары Эрнесто Оттоне Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын жоғары бағалап, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі, күйші-сазгер Секен Тұрысбек және «Үшқоңыр» фольклорлық ансамблі көпшілікке қазақ өнерін паш етті.
194 мемлекеттің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын дамытып жүрген ЮНЕСКО жұмысы алға баса берсін!✊✊✊
#Париж#Бердібек#жылы#100#жыл#меретой#мәдени#ынтымақтастық##