13 наурыз Сұраншы батыр ауылдық мәдениет үйінде Көрісу күніне орай «Амал келді, жыл келді» атты мерекелік — концерттік бағдарлама өткізілді. Елімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Көрісу күні ауыл тұрғындары арасында кең- ауқымда тойланды. Артынша Сұраншы батыр ауылдық мәдениет үйінің ұжымының ұйымдастыруымен келген қонақтарға наурыз көже берілді. Мерекеміз құтты болсын👏!
Көрісу күніне орай «Амал келді, жыл келді» атты мереке

