Site icon Атамекен

Көшенің атауы өзгерген жағдайда не істеу керек?

Көшенің атауы немесе үйдің реттік нөмірі өзгерген жағдайда жылжымайтын мүлік мекенжайын айқындау туралы анықтама қажет болуы мүмкін.

Анықтаманы egov.kz арқылы алу өте оңай. Ол үшін порталға кіріп, дайын формаға сұратылған ақпаратты енгізесіз. Ары қарай ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөздің көмегімен сұрауыңызды растайсыз. Сұранымыңызды өңдеуге бірнеше ғана минут кетеді. Қызмет тегін және оның нәтижесі электрондық анықтама түрінде жеке кабинетіңізге келіп түседі.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн қызмет жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша ғана қолжетімді.

Ал мекенжайды жою немесе жаңа мекенжай беру қызметін ХҚО арқылы мемлекеттік органнан алу қажет.

Exit mobile version