Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарЛаззат Чинкисбаева Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

Лаззат Чинкисбаева Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының шешімімен Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне Лаззат Чинкисбаева тағайындалды.

Лаззат Чинкисбаева 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстан-Ресей университетін бітірген. 2000 жылдан 2007 жылға дейін түрлі бизнес-құрылымдарда жұмыс істеді. 2007-2013 жылдары «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры, заң департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры, «G4» ЖШС «Алматы қаласының серіктес қалалары» жобасының бас менеджері болды. 2013-2017 жылдары Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры. 2021 жылдан бастап Adal саяси партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына 20 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, ҚР Президентінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Атамекен» ҚР ҰКП, Алматы облысы әкімінің, Алматы облысы Прокурорының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments