Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Молдатаев Олжас қатысуымен мал шаруашылығының қазіргі жағдайы және бордақылау алаңдарын, ет өңдеу кәсіпорындарын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы жайында баспасөз мәслихаты өтті.
Алматы облысында мал шаруашылығы аграрлық сектордың жетекші салаларының бірі екені белгілі. 2025 жылдың 3 айлық қорытындысы бойынша облыстың мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 90 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш 2024 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,3%-дық өсімді көрсетіп, көлем индексі – 102% жеткен.
Барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша ет көлемі, сүт өндірісі, облыстағы ірі қара мал мен құс санының есебі тыңдалды. Ресми ақпараттарға сүйенсек, өңірде 7 500-ден астам мал шаруашылығы саласындағы шаруашылық субъектілері жұмыс істейтінің Молдатаев Олжас атап өтті.
Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы саласын қаржылай мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бойынша агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды несиелеу туралы ақпарат берді. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға 2023-2024 жылдары 20 млрд теңге қаражат бөлінген (2023 жылы – 15 млрд теңге, 2024 жылы – 5 млрд теңге).
2023 жылы бөлінген 15 млрд теңге аясында 13 тауарлы-сүт фермасы қаржыландырылып, жыл басынан бері 4 жоба іске асырылған. Одан бөлек, 3 жоба аяқталу сатысында, ал қалған 6 жобаны үшінші тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр, – деді Молдатаев Олжас.
Бүгінгі таңда Алматы облысының етті мал шаруашылығында бірқатар жүйелі мәселелер бар екендігін де жасырмады. Бұл мәселелер бойынша шешу жолдарын нақтылай отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық несие корпорациясы арқылы агроөнеркәсіптік жобаларға арналған жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие бағдарламасы туралы ақпарат берілді.
Бағдарламаның күтілетін нәтижесі сәтті болған жағдайда, қаржыландыру есебінен бордақыланатын мал басының саны қосымша 12 000 басқа артып, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі ұлғаяды. Сонымен қатар, облыс бойынша өндірілетін сиыр еті мен қой еті көлемі 4 500 тоннаға артуына мүмкіндік бермек.
Мал шаруашылығы – ауыл экономикасының тірегі
