Қадырғалиұлы Даурен — Қазыбек бек ауылының тумасы, 2001 жылы дүниеге келген. Қазыбек бек орта мектебінің түлегі.
Сонымен қатар, Қадырғали Даурен — жас отбасының отағасы, мейірімді әке. Отбасына деген жауапкершілігі мен қамқорлығы оның адамгершілік болмысының айқын көрінісі.
Бүгінде өз мамандығы бойынша абыройлы еңбек етіп келеді. 2023 жылдан бастап «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ГП-7 НОД Алматы бөлімшесінде қызмет атқарады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбекқорлығымен, тәртібімен көзге түсіп жүр.
Жұмыс орнында беделді, жасы жас болса да үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, тәрбиелі де мәдениетті азамат. Осындай елге үлгі болар жастарымыз көп болсын!

