Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. 18 тамыздағы Үкімет мәліметіне сәйкес, мектептегі тамақтану ақысын төлеу «Әлеуметтік әмиян» платформасында расталған деректер негізінде жүзеге асырылмақ. Бұл әлеуметтік қолдауды цифрландыруға және оның нақты алушыларға тиімді жетуіне мүмкіндік береді.
Мектептегі тамақтану жүйесі «Әлеуметтік әмиян» платформасымен байланыстырылады

