Среда, 30 апреля, 2025
Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдануда

Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдануда

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды. Магистратура және докторантура деңгейлері бойынша 11 білім беру бағдарламасы аясында талапкерлерді қабылдайды. Құжаттарды онлайн түрде «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы 25 маусымға дейін тапсыруға болады. Бұл туралы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Малик Асанов мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы — мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын жоғары оқу орны. Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру жүзеге асырылады. 2025 жылғы оқу жылы үшін қабылдау науқаны 1 сәуірде басталды. Үміткерлер құжаттарын онлайн форматта тапсыра алады.
Малик Асановтың айтуынша, 2025 жылғы қабылдау науқаны аясында магистратура бағдарламаларына қойылатын талаптар күшейтілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметте кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы міндетті. Сонымен қатар, магистратура бағыттары арасында «Цифрлық мемлекеттік басқару» атты жаңа бағдарлама іске қосылды.
«MPA – Мемлекеттік басқару» бағдарламасына түсу үшін кемінде 5 жыл, ал «MPP – Мемлекеттік саясат» бағдарламасына түсу үшін кемінде 4 жыл мемлекеттік қызмет өтілі қажет.
Қабылдау науқанының тағы бір жаңалығы — енді ақылы бөлімде тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері де оқи алады. Әрбір білім беру бағдарламасына нақты салалық талаптар енгізілген.
Іріктеу екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең 28 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, ал офлайн сұхбат 8-23 шілде аралығында ұйымдастырылады. Нәтижелері 25 шілдеде жарияланады, – деп түйіндеді Малик Асанов.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments