Атамекен

«Мемлекеттік біртұтастық, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады»

«Мемлекеттік біртұтастық, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады» деген Конституциялық комиссияның ұстанымы – елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне берік кепіл екенін көрсетеді.

Мен, Жамбыл ауданының депутаты ретінде, бұл шешімді қолдаймын. Елдің аумағының бүтіндігі мен егемендігі әрбір азамат үшін ең басты құндылықтардың бірі. Қандай да бір реформалар мен жаңашылдықтар жүргізілгенде, мемлекеттің тұтастығы мен аумақтық тұтастығы бірінші кезекте сақталуы тиіс. Бұл норма қоғамда сенімділік тудырып, халық пен билік арасындағы сенім байланысын күшейтеді.

Конституциялық комиссияның бұл ұстанымы – Қазақстанның әрбір азаматының мүддесін қорғауға бағытталған стратегиялық қадам, ол еліміздің болашағына деген сенімді арттырады және кез келген жаңашылдық енгізілгенде мемлекетіміздің негізгі қағидаттарының өзгермейтінін нақты көрсетеді.

Жунусов Айдын Серикулы, Жамбыл ауданының мәслихат депутаты

Exit mobile version