Четверг, 13 ноября, 2025
Басты бетӘңгімеМЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАР: ТАЛАНТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАРТУҒА ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАР: ТАЛАНТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАРТУҒА ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ?

Мемлекеттік қызметмемлекеттің тірегі және қоғамментікелей байланыс орнататын сенімді институт. Мемлекетпен азаматтар арасындағы көпір бола алатын, қоғаммүддесіне жұмыс істейтін кәсіби аппарат қалыптастырудажастардың рөлі ерекше. Бүгінгі таңда Қазақстандамемлекеттік қызметке жастардың қызығушылығы артыпкеледі. Бұл қызығушылықты тұрақты кадрлық ресурсқаайналдыру үшін жүйелі әрі нақты жұмыстар атқарылуықажет.

Қазіргі жастарақпараттық технологияны жетік меңгерген, бірнеше тілді білетін, бастамашыл және жаңашыл буын. Олар ашықтық пен нәтижеге бағытталған басқару үлгісінқалайды. Сондықтан мемлекеттік қызметті жастар үшінтартымды етуұлттық мүдде.

Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істеріагенттігі жастарды мемлекеттік қызметке тарту бағытындакешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Нақты нәтижелерге қолжеткізу үшін бірнеше маңызды бағыттар іске асырылуда.

Біріншіден, жоғары оқу орнын үздік дипломмен, мемлекеттік оқу грантымен аяқтаған түлектер ауылдықжәне аудандық деңгейдегі әкімдіктерге конкурссызтағайындала алады. Бұл норма талантты жастардымемлекеттік қызметке ертерек тартуға және олардыңқабілеттерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестікорнатылған. Университеттерде бос жұмыс орындарыжәрмеңкелері, ақпараттық кездесулер мен семинарлартұрақты түрде өткізіледі. Бұл студенттердің мемлекеттікқызметтің мүмкіндіктерімен ерте танысуына жағдайжасайды. Сонымен қатар, оқу орындарындаМансапорталықтарыарқылы кәсіби бағдар беру жұмыстарыжүргізілуде.

Үшіншіден, “Жас мемлекеттік қызметшіжобасы жүзегеасырылып жатыр. Жоба аясында жаңа қызметкерлергетәлімгерлер бекітіледі, бейімделу кезеңінде оқытусеминарлары өткізіледі, өңірлік және республикалықжобаларға қатысу мүмкіндігі беріледі. Жастар кеңестеріарқылы олардың ұсыныстары мен бастамаларына қолдаукөрсетіледі.

Мемлекеттік қызметке жастарды тартуда ашық және әділіріктеу жүйесі маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңдаконкурстар электронды форматта, «Е-қызмет» платформасыарқылы жүргізіліп келеді. Бұл тәсіл адами фактордыңықпалын азайтады, білімі мен біліктілігіне қарай іріктелугемүмкіндік береді және жастардың мемлекеттік аппаратқадеген сенімін арттырады.

Мемлекеттік қызметке келген жастарды ұзақ мерзімге ұстапқалукадрлық тұрақтылық пен сапаның кепілі. Бұл бағыттажүйелі мансаптық даму жолы қарастырылған. Әрқызметкерге жеке даму жоспары құрылып, оған сәйкесоқыту курстары ұсынылады. Конкурс арқылы жоғарылаумүмкіндігі де айқын көрсетілген.

Мемлекеттік органдарда жүзеге асатын жобаларға жастарбелсенді тартылып, нақты нәтижеге жауапты болады. Бұлолардың жауапкершілігін арттырып, тәжірибесін нақты іскебайланыстыруға мүмкіндік береді. Көптеген мекемелердежастарға арналған кеңселер, коворкинг аймақтары, бейресми пікір алмасу алаңдары ашылуда. Икемді жұмысуақыты мен нәтижеге негізделген бағалау жүйесі енгізіліпкеледі.

Жастар үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығы тек жалақымен емес, мансаптық өсу мүмкіндігімен, қоғамғапайдалы болу ниетімен және жауапкершілікке ие болу сезімімен анықталады. Осы құндылықтар нақты іскеасқанда мемлекеттік қызмет жастардың таңдаулы бағытынаайналады. Сондай-ақ, жас мемлекеттік қызметшілердіңжетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтікжелілерде кеңінен насихаттау қажет.

Алдағы уақытта Агенттік үздік түлектерге арналғанконкурссыз қабылдау жүйесін кеңейтуді, IT саласының жасмамандарын тарту үшін арнайы бағдарламаны енгізуді, жастармен кері байланыс тетіктерін күшейтуді және жасмемлекеттік қызметшілер форумдарын өткізуді жоспарлапотыр.

Жастармемлекеттің қуатты ресурсы. Мемлекеттік қызмет– ел дамуына тікелей үлес қосатын сала. Егер жастардыңбілімі мен жігері осы жүйеге тиімді енгізілсе, еліміздіңбасқару жүйесі мықты, тиімді және халыққа жақын бола түспек. Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігі жастарды мемлекеттік қызметке тарту жәнеоларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

ҚР Мемлекеттік Қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Сунатиллаев Ділмұрат Сайфуллаұлы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments