Site icon ATAMEKEN

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселесі күн тәртібінде

Ұзынағаш ауылында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі талқыланды

Ұзынағаш ауылында орналасқан «КазПошта» ұжымымен кездесу барысында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, азаматтардың өтініштерін қарау және әлеуметтік көмекті әділ бөлу мәселелері сөз болды.

Жиында мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың маңызы атап өтілді. Атап айтқанда, қызметтердің басым бөлігін бірыңғай цифрлық ортада ұсыну, оларды «бір басу» қағидатымен алу мүмкіндігін қарастыру қажеттігі айтылды. Бұл тәсіл азаматтардың уақытын үнемдеуге және артық құжат жинауды азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында деректер алмасуды жетілдіру мәселесі қозғалды. Осы арқылы азаматтан бір рет қана мәлімет сұрап, қалған ақпаратты жүйе арқылы алу тетігін дамыту ұсынылды.

Кездесу барысында e-Өтініш жүйесінің тиімділігін арттыру жайы да талқыланды. Атап айтқанда, өтініштерді қарау кезінде бюрократиялық рәсімдерді қысқарту және жауапты тұлғалардың жауапкершілігін күшейту қажеттігі айтылды.

Бұдан бөлек, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді проактивті түрде тағайындау мәселесі көтерілді. Яғни, цифрлық платформа арқылы азаматтардың қандай көмекке құқығы бар екенін автоматты түрде анықтау тетіктерін дамыту көзделеді.

Жиын барысында «КазПошта» қызметкерлері мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Exit mobile version