🔹Ереванда өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен және Еуропалық комиссияның таза, әділ және бәсекеге қабілеттілікке көшу мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен кездесті.
🔹Халед Әл-Ананимен кездесуде Қазақстанның ЮНЕСКО-мен білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.
🔹Халықаралық бастамаларды ілгерілетудегі ынтымақтастықты кеңейтудің маңызы айтылды. Бұл елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуды және диалогты нығайтуды көздейді.
🔹Тереза Риберамен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақтың орнықты даму, энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды.

