Суббота, 21 марта, 2026
Басты бетНаурыз мейрамыМемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-махынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз.

Осыдан екі жыл бұрын еліміздде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акции бастау алды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына и болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі спен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен деріптеу маңызды.

Ұлыстың ұлы күні Жер Ана да, еліміз де жаңарып жатқан осы тарихи сәтте айтылған тілектің мән-махынасы айрықша деп ойлаймын.

Сондықтан и бастысы елімизге амандық, жерімізге тыныштық тілеймин.

Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!

Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін!

Туймыз биикте желбіресін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Еліміздің төрт құбыласы түгел болсын!»

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments