Среда, 30 июля, 2025
Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы – ел дамуына үнсіз, шынайы үлес қосып жүрген еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет. Осындай азаматтың бірі – Байсеитов Нұрбай Дүйсенұлы.

Нұрбай Дүйсенұлы 1967 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын ерте бастап, 1984 жылы сол өңірдегі ЖБИ зауытында ауыр кран жүргізушісі болып жұмыс істеген.

1994 жылдан бастап ҚР Қарулы Күштерінің 28237 әскери бөлімінде қызмет етіп, Іле бойындағы Танбалытас оқу-жаттығу базасының құрылуына үлес қосқан. Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде алдыңғы шептен табылып, халқына қолдау көрсеткен. Атап айтқанда, 1996 жылғы Еңбекшіқазақтағы су тасқыны, 1998–2000 жылдары Медеудегі орман өрті, 2004–2005 жылдары Талғар мен Алматыдағы көшкін, Құландағы жер сілкінісі, Қызылордадағы су тасқыны кезінде елге қалтқысыз қызмет еткен.

Әлеуметтік және қоғамдық жұмыстардан да шет қалмаған. Мектептерге трансформаторлар орнатып, мешіт құрылысына, жол мен көпір салуға көмектескен. Әскери бөлімшеге теледидар мен компьютер сыйлап, игі ісімен үлгі көрсеткен.

2010 жылдан бері Ұзынағаштағы “Жамбыл Су” мемлекеттік мекемесінде кран жүргізуші болып еңбек етіп келеді. Қызметіне адал. Сонымен қатар мекеме ауласын көгалдандырып, жеміс ағаштарын отырғызған. Ұжымда абыройлы, үлгі тұтар маман.

– Жұмысшы мамандықтар жылының жариялануы – біз секілді еңбек адамдарына көрсетілген сенім мен алғыс. Қандай жағдай болмасын, аудан халқын үздіксіз сумен қамтамасыз ету – басты міндетіміз, – дейді Нұрбай ағамыз.

Мұндай еңбек адамдары – елдің тірегі, жастарға үлгі болар нағыз қайраткерлер!

#жұмысшымамандықтаржылы
#АлматыОблысы
#ЖамбылАуданы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments