Меншік құқығы адамның экономикалық еркіндігін қамтамасыз етеді.
Ол азаматтың өз мүлкін иеленуіне, пайдалануға және оған билік етуіне заңды негіз береді.
Конституцияда бұл құқықты нақты әрі толық бекіту меншікке қол сұғылмаушылықты күшейтеді.
Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады.
Меншік құқығының кепілдігі инвестициялық тұрақтылыққа да оң әсер етеді.
Экономикалық даму үшін меншік иесінің құқықтары сенімді қорғалуы қажет.
Тұрғын үйге құқық – адамның лайықты өмір сүру деңгейінің маңызды шарты.
Әрбір азаматтың қауіпсіз және қолайлы тұрғын үйге қол жеткізуі әлеуметтік әділеттіліктің көрсеткіші болып табылады.
Конституциялық деңгейде бұл кепілдікті бекіту мемлекетке нақты міндет жүктейді.
Атап айтқанда, мемлекет тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуі тиіс.
Әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй мәселесі ерекше назарда болуы қажет.
Тұрғын үйден заңсыз айыруға жол бермеу – құқықтық мемлекеттің басты талабы.
Сондықтан тұрғын үйге қол сұқпау қағидаты Конституцияда айқын көрсетілуі тиіс.
Бұл азаматтардың өз үйінде қауіпсіздік пен тұрақтылық сезінуіне мүмкіндік береді.
Меншік пен тұрғын үйге құқықтың кепілдігі адам қадір-қасиетін қорғаумен тығыз байланысты.
Адам өз мүлкі мен баспанасының қауіпсіз екеніне сенімді болуы керек.
Халықаралық құқық нормалары да бұл құқықтарды негізгі адам құқықтарының қатарына жатқызады.
Осы тұрғыда ұлттық Конституциядағы бекіту халықаралық стандарттарға сай келеді.
Мұндай өзгерістер әлеуметтік шиеленістердің алдын алуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, ол қоғамдағы теңсіздікті азайтуға бағытталған.
Қорытындылай келе, меншік құқығы мен тұрғын үйге берілетін кепілдікті Конституциялық деңгейде бекіту – тұрақты, әділ және қауіпсіз қоғам құрудың берік негізі.
Күміс Пармашқызы, Жамбыл ауданынығ құрметті азаматы
