Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026Мен Сарманова Әйгерім, 296 референдум учаскесінде байқаушы ретінде қатысып отырмын

Мен Сарманова Әйгерім, 296 референдум учаскесінде байқаушы ретінде қатысып отырмын

Бүгін біздің сайлау учаскесінде еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси шара – референдум өткізіліп жатыр. Дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес, ашық әрі тыныш жағдайда ұйымдастырылып, қалыпты деңгейде өтуде. Таңертеңнен бастап тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін белсенді түрде келіп, дауыс беріп жатыр.

Сайлау учаскесінде мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға арнайы сыйлық табысталды. Сонымен қатар, кейбір сайлаушылардың ұлттық киіммен келіп дауыс беруі шараға ерекше ұлттық нақыш беріп, халқымыздың салт-дәстүріне деген құрметті көрсетті.

Бүгінгі дауыс беруге ұстаздар, дәрігерлер әулеттері болып табылатын бірнеше отбасы да қатысып, өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Бұл – жас ұрпаққа үлгі боларлық игі іс.

Сондай-ақ дауыс беруге ұлы қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың шөбересі және мәдени қызметкерлері де қатысты. Бұл біздің тарихи тұлғаларымызға деген құрметтің және ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі болды.

Жалпы алғанда, сайлау учаскесінде дауыс беру процесі ашық, тыныш және ұйымдасқан түрде өтуде. Тұрғындар белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетіп отыр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments