Елімізде Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты ұлттық құндылықтарды ұлықтау, отбасын құру, салт- дәстүріміз, мерейлі отбасыларды насихаттау болып табылады.
Аудан әкімі Н.Ертас «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңіне Жамбыл ауданы бойынша қатысқан Жамбыл ауылының Масеновтер отбасын арнайы қабылдап, «Алғыс хат» пен сыйлықтармен марапаттады.