Site icon ATAMEKEN

Мыңбаев ауылында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

VID_20261019_161736_621.mp4

Ауыл көшелерінің сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев ауылында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Биыл көктем мезгілінде ауылдың жеті көшесіне маршруттық тәсілмен асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі таңда қалған тоғыз көшеде асфальт төсеуге дайындық жұмыстары басталды.
Бүгінде аталған көшелерде арнайы грейдер техникасының көмегімен жолдың үстіңгі қабатын қырып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл — асфальт жабынын төсеуге дейінгі маңызды кезеңдердің бірі. Жол негізін талапқа сай дайындау төселетін асфальттың сапасы мен ұзақ мерзімді пайдаланылуына тікелей әсер етеді.
Дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін көшелерге асфальт төсеу кезеңі басталады. Жұмыстарды мердігер мекеме — «Дортехмонтажсервис» ЖШС жүзеге асыруда.
Жол жөндеу жұмыстарының барысымен ауыл әкімі жеке танысып, құрылыс алаңындағы жұмыстардың орындалу барысын бақылады. Сонымен қатар мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды жауын-шашын мен қар түскенге дейін сапалы әрі уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді. Ауыл әкімі жол құрылысы кезінде белгіленген сапа талаптарының қатаң сақталуы қажеттігін де атап өтті.
Жалпы, ауыл көшелерін асфальттау — тұрғындардың күнделікті тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Сапалы жол қатынасы ауыл ішіндегі қозғалысты жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына да оң ықпал етеді.
Мыңбаев ауылында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Басты міндет — атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
Мыңбаев ауылдық округ әкімі Т.Тулибеков

Exit mobile version