АҚШ Иранның Кешм аралына әскери соққы бергені туралы хабарламалардан кейін әлемдік мұнай бағасы қайтадан көтерілді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
3 қарашадағы сауда-саттық нәтижесі бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстері 48 центке қымбаттап, барреліне 105,25 долларға жетті. WTI маркалы мұнайы 47 центке өсіп, баррелі үшін 96,93 доллар болды.
Америкалық шенеуніктерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, АҚШ Иранның Кешм аралына шабуыл жасаған. АҚШ бұл операция қорғаныс сипатында ғана болғанын алға тартады. Басты мақсат — Иранды Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуыл жасау мүмкіндігінен айыру.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#мұнай #Brent #WTI #Иран #АҚШ #Ормузбұғазы #жаңалықтар

