МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
• профилактикалық медициналық тексерулер;
• учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
• созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
• уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
• халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
• диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
• мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
• медициналық оңалту;
• стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдау қызметіне (әрбір емханада бар) немесе Қордың ресми байланыс арналары арқылы өтініш қалдыра аласыз: колл-орталық 1414