Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарМӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған. Содан кейін жалпы жағдайының нашарлауына байланысты орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Мультидисциплинарлық тексеруден кейін хирургиялық бөлімге шұғыл түрде жатқызылды.
Шағымдар, анамнез, объективті клиникалық-зертханалық деректер негізінде науқасқа «бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесі» диагнозы қойылып, операция алдындағы дайындығы басталды.
«Науқастың жағдайын ескере отырып, Талғар хирургтары УЗД көмегімен бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесіне дренаж жасау үшін аз инвазивті процедураны жүргізу туралы шешім қабылдады. Наркоз салынып, УЗД бақылауымен абсцесс қуысына өткізгіш арқылы Pigtail 10fr типі бойынша дренаж орнатылды. Дренажды орнатқаннан кейін өткір иісі бар 200 мл ірің алынды. Операция қан жоғалтусыз және асқынусыз өтті. Бірнеше күннен кейін бауырдың ультрадыбыстық зерттеуінде абсцесс қуысы тазаланғаны анықталды және дренаж алынып тасталды. Одан кейін үйіне жіберілді», — деді хирург Тастанқұлов.
Операциядан кейінгі кезеңде науқас хирургиялық бөлімде антибиотикалық терапия мен инфузиялық терапия алды. Айта кетерлігі, бүгінде аз инвазивті хирургия, яғни науқастың денесі кесілмей жасалатын ота туралы жиі айтылып жүр. Мұндай операциялар қан тамырлары немесе өзге де әдістер арқылы жасалады. Пациенттің денсаулығына кері әсерін тигізбейді және операциядан кейінгі асқынулар қаупінің төмен болуымен сипатталады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments