Воскресенье, 22 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарМӘМС: Жетісу облысында ана мен бала денсаулығын қорғауға 4,3 млрд тенге қаражат...

МӘМС: Жетісу облысында ана мен бала денсаулығын қорғауға 4,3 млрд тенге қаражат жұмсалды

Қор филиалы сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС қаражатынан
жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуге 4,3
млрд теңге бағытталған.
Оның ішінде, 2023 жылы жүкті әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен
байланысты 420 мың қызмет көрсетілді. Бұл зертханалық және
диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық
қызметтер. Осыны қаржыландыруға МӘМС бойынша жалпы 840 млн. теңге
қарастырылды.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге келетін болсақ, фертильді жастағы 421
әйелге темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттар берілді.
Осыған 866 мың теңге жұмсалды. Айта кетерлігі, 2024 жылы МӘМС
бойынша іштегі сәбидің туа біткен ақауларының алдын алуға арналған дәрі-
дәрмектерді қаржыландыруға 3 млн 583 мың теңге қарастырылған.
Оған қоса, 3,5 млрд теңге акушерлік бейіндегі тәулік бойы және күндізгі
стационарларда 21 мың әйелді емдеуге бөлінді. Олардың 60%-на босану
қызметтерін көрсетті. Перинаталдық кезең аурулары бар 1792 мың жаңа
туған нәрестеге ем қажет болды. Бұл бағытта 610 млн. теңгеге МӘМС жүйесі
есебінен қаржыландырылды.
Жүкті әйелдерге қандай медициналық көмек қажет екендігі туралы
толығырақ мына жерден және ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек
көрсетуді ұйымдастыру Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартынан оқыңыз. Жүкті әйелдердің патронажы
туралы Педиатриялық қызметті ұйымдастыру стандартынан білуге
болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments