Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарМӘМС қорының Жетісу облысы бойынша филиалы Текелі қаласының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

МӘМС қорының Жетісу облысы бойынша филиалы Текелі қаласының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Міндетті медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысындағы филиалы Текелі қала әкімдігімен және облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп халық алдында есептік кездесу өткізді. Күн тәртібінде қала тұрғындарын МӘМС жүйесіне тарту мәселелері, стратегиялық көрсеткіштер, медициналық сақтандыру қорына түскен шағымдар және оларды шешу жөніндегі шараларды қоса алғанда, қала халқын сақтандыру бойынша ағымдағы жағдай болды.

«Бүгінгі таңда Текелі қаласының халық саны 30 мыңнан астам адамды құрайды. Оның ішінде сақтандырылмағандардың үлесі 20,8%, бұл қаланың 6 мыңнан астам тұрғыны. Бұл ретте олардың 68,4% -ы соңғы 12 айда МӘМС жүйесіне мүлдем төлем жасамаған азаматтар», — деп атап өтті филиал директоры Гүлзия Таипова.
Текелі әкімінің орынбасары Әлия Оңғарбекованың айтуынша, сақтандырылмаған азаматтар қатарындағы 200-ге жуық адам шет елге көшіп кеткен бұрынғы қала тұрғындары.
Айта кетсек, есепті кездесуге жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау орталығының басшылары да қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша мүдделі жергілікті атқарушы органдарға өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments