Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстар елімізде қарқынды түрде жалғасуда. Соның бір айқын дәлелі – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылатын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы.
Аталған акцияның басты мақсаты – өзендер мен су айдындарының маңын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, табиғи ресурстарды сақтау және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Табиғат – баршамызға ортақ байлық. Сондықтан оны қорғау әрбір азаматтың міндеті екені сөзсіз.
Бұл шараға аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер кеңінен қатысады деп күтілуде. Әсіресе, жастардың табиғатты аялауға деген қызығушылығы мен белсенділігі қоғам үшін аса маңызды. Өйткені қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас пен экологиялық мәдениет ең алдымен жас буынның санасында қалыптасуы тиіс.
Акция барысында қатысушылар өзен жағалауларын қоқыстан тазартып қана қоймай, табиғатты қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Мұндай игі бастамалар экологиялық ахуалды жақсартумен қатар, қоғамда бірлік пен жанашырлық сезімін нығайтады.
«Мөлдір бұлақ» акциясы – тазалыққа бастар жол. Әрбір азамат табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосса, еліміздің экологиялық жағдайы да жақсара түсері анық.
Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі!
#Таза Қазақстан #Таза Орта
автор Әбсеитов Қайсар
