Адалдықты серік, еңбекті ерлік деп білген Насыров Бектұрған — елінің қадірлі азаматы.
1982 жылы әскер қатарына шақырылып, 1984 жылы борышын абыроймен өтеп елге оралды.
Оралған соң мамандығын жалғастырып, 1985 жылы мал дәрігері атанып, туған жерінде еңбек жолын бастады.
Жылдар бойы ауыл шаруашылығын өркендетуге, малдың саулығы мен елдің қамына тер төгіп, адал қызмет етті.
2009–2012 жылдары жеке лицензиялық ветеринарлық қызмет атқарып,
кейін Үлгілі округі ветеринарлық пунктінде ел сенімін ақтап, табанды еңбек етті.
2011 жылы ауылдастарымен бірігіп, жер мен еңбекті біріктіріп, «Үлгілі-Агро» ауыл шаруашылық кооперативін құрды.
Бұл бастама — елге деген сүйіспеншіліктің, бірлік пен табандылықтың жемісі болды.
Насыров Бектұрған – маңдай тердің қадірін білетін,
еңбегімен ел алғысына бөленген нағыз ЕҢБЕК АДАМЫ!
#ЕңбекАдамы #АдалЕңбек #МалДәрігері #ҮлгіліАгро #АуылТірегі #ЕлМақтанышы #ЕңбекпенӨркендеу #АуылКүші
Насыров Бектұрған — елінің қадірлі азаматы.

