Мәтібұлақ ауылдық округінде Мәдениет үйінің алаңында 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз – ынтымақ пен бірлік берекесі» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін дәріптеу, ауыл тұрғындарының бірлігін нығайту және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау болды.
Мерекелік іс-шара барысында ауыл өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді қатысып, ерекше әсер алды.
Қонақтарға қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, мерекенің ажары одан әрі айшықтала түсті.
Бұл игі шара ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, Наурыз мейрамының басты құндылықтары – татулық, мейірімділік пен жаңаруды кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты. Наурыз – тек мереке ғана емес, ол халықты жақындастыратын, ізгілікке бастайтын ерекше күн екені тағы бір мәрте дәлелденді.
🌿 Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Береке мен бірлік әр шаңыраққа орнасын!
«Наурыз – ынтымақ пен бірлік берекесі» атты мерекелік іс-шара
RELATED ARTICLES



