24 ақпанда ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Нұрлан Әуесбаев «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен үгін-насихат кездесуін өткізді.
Кандидат өз сөзінде ЖСДП қазақстандықтардың өмір сапасының стандартын енгізуге ниетті екенін атап өтті. Онда адамның дұрыс тамақтануы, киім, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтер, ақпарат, демалысқа қатысты қажеттіліктері ескеріледі. Зерттеу барысында анықталған азаматтардың әрбір жеке тобы үшін негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша арнайы бағдарламалар әзірленетін болады.