Site icon Атамекен

Нұрымшанова Сәуле Өтегенқызы

Нұрымшанова Сәуле Өтегенқызы 1963 жылы 2 ақпанда Түркістан облысы Отырар ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. 1970жылы 1-ші сыныпқа қабылданды, 1980 жылы 10 жылдық мектепті бітіріп, сол жылы Шымкент қаласындағы Шымкент кооперативтік техникумына оқуға түсті. 1982жылы есепші мамандығы бойынша оқуды аяқтап, Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылындағы Беріктас рабкобына кассир болып жұмысқа қабылданды. 1991 жылы Беріктас қой совхозындағы тігін цехына склад меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1994 жылы 9 тамыз Беріктас орта мектебіне мектептік шаруашылық жөніндегі орынбасары болып тағайындалды 2013-2014 жылдары Беріктас селолық округі әкімі аппаратында есепші қызметін атқарды. 2017 жылы Жамбыл аудандық пошта байланыс торабы Беріктас пошта байланыс бөлімінің бастығы болып жұмысқа қабылданды. Қазіргі таңда сол қызметті атқарып келе жатыр.
Exit mobile version