Site icon ATAMEKEN

ОРК референдум қарсаңындағы үгіт пен қоғамдық пікірге сауал жүргізу қағидаларын түсіндірді

Орталық референдум комиссиясыныңмүшесі Ләззат Сүйіндік республикалықреферендум қарсаңында үгіт жүргізу жәнеқоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерінжариялауды реттейтін заңнаманың негізгіталаптарын еске салды.

Оның айтуынша, «Республикалықреферендум туралы» Конституциялық заңның7-бабының 4-тармағына сәйкесреферендумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзугетыйым салынады.

«Ертен сағат 00.00-де үгіт кезеңіаяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштықкүні» басталады. Бұл дегеніміз, 14 наурыздажәне дауыс беру күні 15 наурызда кез келгенүгітке тыйым салынғанын білдіреді. Бұлталаптар заңнамамен белгіленген жәнеэлекторалдық үдерістің барлық қатысушыларыүшін міндетті», — деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.

Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлердебұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуымүмкiн.

Ләззат Сүйіндік қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу ережелеріне жекелей тоқталды.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-1-бабына сәйкес, мұндай сауал салулар «ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптардысақтай отырып жүргізіледі.

Атап айтқанда, аталған заңның 28-бабының 9-тармағы дауыс беру күнінен бес күн бұрын және дауыс беру күні тікелейқоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын-ала қорытындылары және референдумменбайланысты басқа да зерттеулердібұқаралық ақпарат құралдарында жәнеонлайн платформаларда жариялауғатыйым салады.

«Заң сондай-ақ дауыс беру күні қоғамдықпікірге сауал салуды жүргізуге нақтыталаптарды белгілейді. Олар дауыс беругеарналған үй-жайда немесе пункттеөткізілмейді. Мұндай сауалдар тек учаскеліккомиссиясының шыға берісінде және тиістітүрде Орталық референдум комиссиясынхабардар еткен заңды тұлғалар жүргізеалады», – деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзғанжағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершіліккөзделген.

Exit mobile version