Site icon Атамекен

Ормаңды өрттен қорғайық!

Біздің елде орман өрттері үнемі кездеседі. Көп жағдайда орман өрті адамдардың кесірінен туындайды. Ормандағы барлық өрттердің үлкен бөлігі сырттан, яғни егістік алқаптарынан, жол жатқан, өзен жағалауларынан келеді. Орман өрттері теқ қана ормандардың жойылуына ғана емес, сонымен қатар елдімекендерге де қауіп төндіреді. Көктемгі және жазғы-күзгі кезеңде орманда адам саны ең көп болатын уақыт және олардың көпшілігі өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмейді. Олар өздерін қоршаған ортаға ұқыпсыз қарағанның салдарынан, темекі тұқылын немесе сіріңкені өшіруді ұмытып тастап кететіндіктен және өртті сөндіріп кетуге ерінгеннің себебінен өрт туындайды. Бұның барлығы жаман ниеттен туындамайды, алайда арты қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырады. Орманға демалуға жиналсаңыз өрт қауіпсіздігі ережесін есіңізден шығармағаныңыз абзал. Табиғатта отпен абайсыз әрекет жасауға болмайды.

  Орманда отты жағар кезде барлық сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.

Міндетті түрде от жағу орнын дайындап алу керек немесе алдын ала дайындалып қойылған орынды пайдалану қажет. Ағаштардан алыс орналасқан ашық жерді таңдаңыз. От жағатын жерді шөптен тазартып, май құю үшін күрекпен кішкене шұнқыр қазып алыңыз. Шөпті жай ғана алып тастау керек, бұл жағдайда сіз жердің құнарлы қабатын бүлдірмейсіз. От жағылатын жерден жарты метрден 1-метрге дейінгі радиустағы шөпті жұлып тастаңыз.

Жамбыл   ауданы ТЖБ

 

 

Exit mobile version