Жамбыл ауданының Қазбек бек ауылында орналасқан “KEGOC” АҚ ұжымымен кездесу өтті. Іс-шара барысында отандық өндірісті дамыту, кәсіпорындардың жұмысын кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.
Кездесу кезінде өндіріс саласының қазіргі ахуалы мен оны дамыту бағытындағы негізгі тетіктер сөз болды. Мамандар ел ішінде өндірілетін тауарлардың көлемін арттыру және шикізатты дайын өнімге дейін өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, ірі, орта және шағын кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланысты нығайту қажеттігі айтылды. Мұндай өзара байланыс өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жиында отандық өндірушілермен ұзақмерзімді жеткізу шарттарын жасау мәселесі де көтерілді. Бұл тәсіл кәсіпорындарға жұмысын жүйелі жоспарлауға, қаржылық тұрақтылықты сақтауға және өндіріс көлемін арттыруға жол ашады.
Сондай-ақ өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлерді қолдау тетіктері талқыланды.
Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, өндіріс саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

