Site icon ATAMEKEN

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ҚАСИЕТТІ БОРЫШ

 

Бауыржан Момышұлы атындағы №28237 әскери бөлімінде Президент Жолдауы талқыланды

Бауыржан Момышұлы атындағы №28237 әскери бөлімінде жеке құрам арасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында танымдық кездесу өтті.

Іс-шара барысында сарбаздарға Президент Жолдауында көтерілген ел дамуының басым бағыттары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, заң мен тәртіпті нығайту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Кездесу кезінде Отан алдындағы әскери борышты абыроймен атқару, әскери тәртіпті сақтау, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ әрбір азаматтың мемлекет дамуына жауапкершілікпен қарап, ел болашағына бейжай қарамауы қажеттігі айтылды.

Талқылау барысында сарбаздар өз ойларын ортаға салып, Жолдауда белгіленген міндеттердің маңызына тоқталды. Әскери қызметтің жас ұрпақ бойында отансүйгіштік қасиетті, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастырудағы рөлі атап өтілді.

Мұндай мазмұнды кездесулер әскери қызметшілердің азаматтық ұстанымын нығайтып, саяси сауаттылығын арттыруға және туған елге деген сүйіспеншілігін тереңдетуге ықпал етеді.

Өйткені Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы, ал елге адал қызмет ету – нағыз патриотизмнің белгісі.

Exit mobile version