Адам үшін отбасы – қорғаныш пен сенімділік орны. Әркім үйіне қайтып келгенде жылулық пен түсіністікке ие болғысы келеді. Алайда кейбір отбасыларда жағдай басқаша – сүйіспеншілік орнына қорқыныш, сенім орнына қысым орнайды. Мұндай жағдайда үй тұтқынға айналады, ал жақын адамдар шын мәнінде қасқа айналады.
Зорлық-зомбылық әртүрлі бетпердеде көрінеді: айғай мен қорлау, ұрып-соғу, ақшаға тәуелді ету, ерік-жігерді басып, басқару. Бірақ қандай түрі болмасын, оның бәрі – адамды басқа біреудің еркіне бағындыру, оның қадір-қасиетін жоққа шығару, онын тұлғалық құқығын таптау. Бұл – отбасының бәсекесі, жанжалы емес, бұл – адам құқықтарын өрескел бұзу.
Елімізде бұл мәселеге қатысты заңдар жеткілікті. Полиция ұйымдары жәбірленушілермен тығыз жұмыс істейді, оларға қорғаныс қағазын береді, уақтылы көмек көрсетуге тырысады. Алайда заңдық шаралар жеткіліксіз. Мәселені түбегейлі шешу үшін қоғамдық сананы өзгерту қажет. Әрбір адам отбасылық зорлық-зомбылықтың жәбірленуші мен оның балалары үшін қандай зардаптарға апарып соғатынын түсінуі тиіс.
Қорыта айтқанда, бұл мәселе – тек құқық қорғаушылардың емес, әрбіріміздің ортақ ісіміз. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа ұшыраса, үндемей қалмаңыз. Құқығыңызды біліңіз, көмек сұраудан тартынбаңыз. Өйткені үнсіздік – зорлыққа жол беру деген сөз.

