Б.Қыдырбекұлы ауылдық мәдениет үйінде » Отбасы бақыт мекені» атты іс шара өтті. Іс-шара барысында 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауына ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдірді. Ауыл тұрғыны , Аналар кеңесінің мүшесі Г.Алимкожаева АЭС құрылысын қолдап, бүгінгі таңның өзіңде мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп отырғандығын, электр энергиясына деген қажеттілік өспесе , кемімейтінін атап өтті.