«Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз» атты республикалық акциясы аясында 2026 жылғы мамырдың 18-нен маусымның 8-не дейінгі аралықта Жамбыл АПБ-ның жеке құрамының қатысуымен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Акция барысында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, отбасындағы татулық пен өзара сыйластықтың маңыздылығы кеңінен насихатталуда. Сонымен қатар, азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, құқықтық көмек алу жолдары және отбасы институтын нығайту бағытында ақпараттар берілуде.
Жамбыл АПБ қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, профилактикалық әңгімелер жүргізді. Азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға тигізетін кері әсері түсіндірілді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға өз септігін тигізуде.
Сырым КЕЛІСҰЛЫ,
Жамбыл АПБ-ның ҚҚБ бастығы,
полиция подполковнигі

