Пятница, 29 марта, 2024
Басты бет101 хабарлайдыОтпен ойнама, балақай!

Отпен ойнама, балақай!

Жамбыл ауданының ТЖБ ескертеді: Балалардың отпен ойнауы – бұл өрт шығуының себебі болып табылады.

Балалардың отпен ойнауынан өрттер өкінішке орай жиі туындауда. Мұндай өрттер өте қайғылы нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Балалар оттың қауіпін түсінбегендіктен  оған аса қызығушылық білдіреді. Үш жастан бес жасқа дейінгі балалар өз ойындарында ересектердің, олардың іс-әрекеттерін, тұрмыс – тіршілігін қайталайды. Бұл жастағы балалар барлық нәрсені тезірек білуге және өз қолымен жасауға асығады. Әсіресе олар үйде жалғыз қалғанда бұл қызығушылықтарын істе байқап көруге тырысады. Бала жалғыз қалғанда сіріңкемен ойнап, қағаз жағып, бір кездері орманда жанғанын көрген алауды тұтатқысы келіп, әрекет қылуы мүмкін.

Әр түрлі жағдайларға байланысты үлкендердің балаларды қараусыз жалғыз қалдыруға мәжбүр болатын кездері де болады. Әсіресе балаларды пәтерде немесе бөлмеде жауып кеткен жағдайда бұл өте қауіпті. Өрт болған жағдайда олар дер кезінде қауіпсіз жерге шыға алмайды.

Балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын – алу үшін не істеу қажет:

  • балаларға өрт қауіпсіздігі туралы жиі айтыңыз;
  • өрт қауіпсіздігі ережелеріне байланысты барлық жағдайда үлгі көрсетіңіз;
  • сіріңкелерді балалардың қолы жететін жерлерге қоймаңыз;
  • газ плиталарды, пешті жағуды, электр құрылғыларын қосуды балаларға тапсырмаңыз;
  • балалардың от жақпауын қадағалаңыз;
  • сәбилерді үйде ересектердің бақылауынсыз жалғыз қалдырмаңыз;
  • балалардың бос уақытына көп көңіл бөліңіз;

Балаға өрт жағдайында дұрыс іс-қимыл жасауды үйретіңіз. Өрт немесе жану белгілерін байқаған кезде (түтіннің таралуы, ауа температурасының жоғарылауы, күйік иісі және т.б.) кез-келген жастағы бала дер кезінде сыртқа шығуы қажет.

Өрт туралы өртке қарсы қызметке «101» және «112» телефон нөмірлеріне дереу хабарлау керек.

Жамбыл ауданы ТЖБ

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments