Site icon Атамекен

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше форматта өтеді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды іс-шара тарихи оқиғаларға толы болмақ.

Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет ерекше форматта өтеді. Яғни спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтеді. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шығады.
Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өтетін Трокадерода аялдайды, — делінген Туризм жəне спорт министрлігінің ақпаратында.
Іс-шараның көркемдік жетекшісі – театр режиссері Томас Жолли.

Ашылу салтанатына 3 мың өнерпаз қатысады, сонымен қатар көрермендер Селин Дион мен Леди Гаганың өнерін тамашалай алады.

Exit mobile version