Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның «жекелеген түзетулер емес, жаңа Конституция қажет» деген пікірі ел дамуының жаңа кезеңіне сай айтылған маңызды тұжырым деп есептеймін. Қоғамдағы саяси, әлеуметтік және құқықтық қатынастар түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі уақытта Конституция мемлекеттің стратегиялық бағытын айқындайтын заманауи әрі тиімді құжат болуы тиіс. Жаңа Конституция қабылдау – халықтың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі кеңейтуге, билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтуге және әділетті қоғам құруға берік негіз қалайды. Бұл бастама ел болашағы үшін жауапты әрі батыл қадам деп санаймын.
Раймбердиева Майра Онгарбайқызы, журналист
