Site icon ATAMEKEN

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

 

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Үкімет 2026–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне кеңінен енгізуге бағытталған Кешенді жоспарды бекітеді. Аталған жоспар білім беруді дараландыру тетіктерін құруды, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, педагог кадрларды даярлау және білім алушылардың дербес деректерін қорғауды қамтиды.
Кешенді жоспарды іске асыру аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс көзделген. Бұл ретте цифрлық дағдыларды дамытуға және жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Оқыту цифрлық платформалармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруді, жасанды интеллект құралдарының жұмыс істеу қағидаттарын түсінуді және оларды оқу процесінде тиімді қолдануды қамтиды. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесіне жаңа технологияларды орнықты әрі тиімді енгізуді қамтамасыз етеді.

Exit mobile version