Воскресенье, 5 января, 2025
Басты бетЖаңалықтарПрезидентіміз 2025 жылдың алғашқы күндері жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым...

Президентіміз 2025 жылдың алғашқы күндері жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.

Президентіміз 2025 жылдың алғашқы күндері жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.

Соның ішінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы. Қазақстанда балалардың болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама ретінде қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Ата-аналар бұл бағдарламаны балалардың білім алуына немесе алғашқы қадамдарын жасауына көмек ретінде қарастырды. Қордан бөлінетін қаражат олардың өмірлік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қаражат әрбір балаға теңдей бөлінеді, бұл отбасылар арасындағы қаржылық теңсіздікті азайтуға септігін тигізді. Бұл бастама биылғы жылы да өз жалғасын табады деп сенемін. Сондай-ақ ауданымызда былтырғы жылы 2 жайлы мектеп ашылды. Келесі жылы тағыда 1 мектептің есігі ашылуы жоспарланды.

Жайлы мектептердің типтік мектептерге қарағанда бірінші айырмашылығы – құрал-жабдықпен қамтылуы, яғни компьютерлер, ұйымдастыру техникалары, интерактивті тақталар, робототехника кабинеті, сонымен қатар 2-ден 4 спортзалға дейін бар.
Табысты ұлт болудың маңызды шарттарының бірі — орта білім сапасы. Ал әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалып, заманауи мектептер салынуы тиіс. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы айрықша назар аударып келеді.

Бұл істегі біздің негізгі капиталымыз – талапты, тәрбиелі, отансүйгіш рухы биік жас ұрпақ. Сондықтан білім сапасын көтеру – мәртебесі биік, маңызы зор, жалпыұлттық мүдде деп білеміз.

Қарғалы ауылдық аналар кеңесінің төрағасы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments