Site icon Атамекен

Президент Жолдауында Alatau City-ге арнайы мәртебе беру тапсырылды

Президент Жолдауында Alatau City-ге арнайымәртебе беру тапсырылды
Алматы облыстық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев

Құрметті ағайын!

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуыныңжаңа кезеңін айқындайтын бастамаларды жариялады. Бұл құжатуақыттың сұранысына сай туған тарихибағдар. Әрбір сөзінде елдің болашағына дегенжауапкершілік, әрбір тұжырымында халықтың қамынойлаған парасат жатыр.

Президентіміз ең алдымен экономиканың тұрақтылығымен халықтың әл-ауқаты жайлы айтты. Шағын және орта бизнестің ел өміріндегі рөлі артып келе жатқанықуантады, бірақ өндіріс саласына бет бұру қажеттігі де баса айтылды. Бұлхалқымыздың еңбек мәдениетінжаңа деңгейге көтеріп, экономикамыздың шынайытірегін қалыптастыруға бағытталған қадам. «Әр теңгехалық игілігіне жұмсалсын» деген сөзбіздіңмемлекетіміздің түпкі идеологиясына айналуы керек. Бұл тек қаржы саясаты ғана емес, әділдіктің, адалдықтыңөлшемі.

Жолдаудың ең өзекті тұстарының біріцифрландырумен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу. «Digital Qazaqstan» тұжырымдамасын әзірлеу туралы бастамаҚазақстанды нағыз цифрлық мемлекетке айналдыружолындағы шешуші бетбұрыс. Әлемде білім мен ғылымды игерген, технологияны меңгерген ел ғанабәсекеге қабілетті болады. Біз де осы бағытта аянбайеңбек етуге тиіспіз. Жаңа дәуірдің басты капиталы – адам санасы, білім мен қабілет екенін Президент тағыбір мәрте айқын көрсетті.

Осы ретте ерекше тоқталатын мәселе – Алматы облысының аумағында бой көтерген Alatau City жобасы. Мемлекет басшысы бұл қаланы еліміздің алғашқытолыққанды цифрлық орталығы ретінде дамытуқажеттігін атап өтті. Президент тапсырмасымен он күнішінде қалаға арнайы мәртебе беріп, Үкіметке тікелейбағынатын құқықтық негіз әзірленбек. Алты айдыңішінде басқару жүйесі мен қаржылық моделін қамтитынжеке заң қабылданатын болады. Бұлартықшылық емес, қайта барлық бастаманың қағаз жүзінде қалмауы үшінжасалған институционалды негіз.

Alatau City – біздің өңірдің жаңа тынысы, инновация мен бизнес өркендейтін аймақ болмақ. Қытайға жасалғанресми сапар барысында осы жобаны жүзеге асыруғаәлемдік деңгейдегі компаниялар тартылды. Оның ішіндеәйгілі Шэньчжэнь қаласының дамуында тәжірибесі бар инвесторлар бар. Президент атап өткендей, Alatau City – смарт-технологиялар мен криптовалютамен төлемжасауға дейінгі барлық мүмкіндікті қамтитын заманауиорталыққа айналады. Бұл қалаҚазақстанның болашақбейнесін айшықтайтын, технологиялық прогресс пен жайлы өмірді үйлестіретін символ болмақ.

Әлеуметтік салаға қатысты айтылған ойлар да әрбірқазақстандықтың жүрегіне жетті. Артық жеңілдіктер мен жасанды көмек емес, шын мәнінде мұқтаж жандарғабағытталған әділ әлеуметтік саясатқоғамдағы сенімніңкепілі. Зейнетақы жүйесін жаңғырту, халықтыңқаржылық сауаттылығын арттыруболашағымыздыбаянды ететін нақты шаралар. Осы ретте Мемлекетбасшысы «AMANAT» партиясының бастамасы болыптабылатын «Қарызсыз қоғам» жобасын» ерекше атапөтті. Өткен жылы бұл бағдарлама аясында 845 мыңнанастам азамат қарыз жүктемесін азайтуға, заңгерлік кеңесалуға мүмкіндік алды. Бұл жоба жалғасын тауып, халыққа шын мәнінде көмек көрсететін тиімді құралғаайналып отыр.

Экология мәселесі де Жолдаудың салмақты бөлігі болды. Каспий теңізінің тартылуы – тек бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына әсер ететін аса маңыздымәселе. Президент осы бағытта мемлекетаралықбағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бұлболашақ ұрпақалдындағы жауапкершілігімізді сезіну. Сол сияқтыАралды сақтап қалу тәжірибесі бізге үлгі болмақ. Табиғатты қорғау – тек Үкіметтің ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. «Таза Қазақстан» жобасы аясында миллиондаған ағаш отырғызылып, жүздеген мың гектар жер тазартылды. Бұлхалықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынының дәлелі.

Жолдауда білім мен ғылымның рөліне ерекше мәнберілді. Мектеп қабырғасынан бастап жасандыинтеллектіні үйрету, ғылым мен инновацияны үйлестірукелешекке салынған инвестиция. Жастардыңбойындағы патриотизм енді тек дәстүрліқұндылықтармен емес, жасампаздықпен, жаңашылдықпен өлшенеді. Елін сүюхалыққа пайдасытиетін іс бастау, жаңа жетістіктерге ұмтылу екенін жасұрпақ жақсы түсінеді. Бұлқоғам санасында болыпжатқан оң өзгерістің айқын көрінісі.

Саяси реформаға қатысты бастама да тарихи мәнге ие. Президент бір палаталы Парламент құру идеясын халықталқысына салуды ұсынды. Бұласығыстықпен емес, қоғамның кеңінен қатысуымен шешілуі тиіс мәселе. Халықтың тағдырына қатысты қандай да бір шешім тек халықтың келісімімен қабылдануы керек деген қағиданыПрезидент тағы бір мәрте айқындап берді. Бұлдемократиялық даму жолындағы сенімді қадам.

Жолдаухалқымыздың болашағына бағытталған тереңойлы, салмақты құжат. Онда экономика да, әлеуметтікәділеттілік те, ғылым-білім де, экология мен мәдениет те – бәрі бар. Бұлтұтас елдің даму стратегиясы.

Бірлігіміз бекем болса, еңселі ел боламыз. Жолдау бізгесоны тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!

Exit mobile version