8 қазан күні сағат 11:00-де Шонжы ауылында «Халыққа арналған цифрлық кеңсе» ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Жаңа кеңсе – тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді заманауи цифрлық форматта, қолжетімді әрі жедел көрсетуге бағытталған заманауи орталық. Мұнда азаматтар электронды үкімет порталы арқылы қызметтерді алу, өтініштер жолдау және цифрлық сауаттылық бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында:
«Цифрландыру – жай сән емес, бұл – тиімді және ашық басқарудың негізгі құралы. Әрбір азаматқа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – басты міндетіміз»
– деп атап өткен болатын.
Осы бағытта жүзеге асып отырған «Халыққа арналған цифрлық кеңсе» жобасы – аудандағы мемлекеттік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам.
Іс-шараға аудан басшылығы, мекеме өкілдері, ауыл тұрғындары мен жастар қатысады.
Өтетін орны: Шонжы ауылы, жаңа цифрлық кеңсе ғимараты
Басталуы: 11:00