О Осы іс-шараға Тоқаев пен Путин бейнебайланыс арқылы қатысты. Форумның биылғы тақырыбы жұмысшы мамандықтарға арналған екен. Қазіргі таңда Ресеймен сауда саттығымыз 28 миллиард доллардан асқан. Қытайдан кейінгі екінші орында тұр. Тоқаев енді тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізу керек деп отыр.
Былтыр Ресейдің Қазақстанға салған инвестициясы рекордтық деңгейге жетті. Бір жылда 4 миллиард доллар құйып, жалпы сомасы 27 миллиард доллардан асты. Қазақстан да қарап отырған жоқ. Ресейге 9 миллиард доллар инвестиция салыпты. Бұл екіжақты инвестициялық климаттың жақсы екенін көрсетеді.
Сондай ақ Қазақстанда Ресейдің капиталы бар жиырма мыңнан астам компания жұмыс істеп келеді. Мыңдаған жұмыс орны ашылған. Индрайвер секілді алпауыт компаниялар келді. Меніңше бүгінгі форумда да, кездесуде де айтылған жоспарларға қол жеткізуге болады. 28 миллиард дегеннің ар жағы 30 миллиард доллар ғой.
