Четверг, 19 февраля, 2026
Басты бетРамаданРамазан айындағы зерттеу

Рамазан айындағы зерттеу

Ғалымдардың айтуынша, Рамазан айында адамдардың әлеуметтік және медиа қылықтары өзгереді.

Мысалы, түрік аналитиктері байқағандай, адамдар арасындағы жеке қарым-қатынастардың мәні өзгереді. Достыққа, қоғамға деген жауапкершілік артады екен.

Nature Human Behaviour журналында жарияланған зерттеулерде Рамазан айында сот шешімдерінің едәуір бөлігі оң шешіммен аяқталатыны айтылған.

Ал маркетинг аналитикасына келсек, бұл айда жарнаманың басым бөлігі таң сәресіне және ауызашар уақытына шоғырланады.

Рамазан айындағы «жақсылық медиа эффектісі» тікелей зерттелмеген секілді. Интернеттен бұл туралы нақты еңбектерді таппадым. Уақыт еншісінде болар. Дегенмен, бұл эффект медиада, соның ішінде әлеуметтік желілерде бар екенін барлығымыз білеміз. Өйткені адам баласы жақсылыққа әрдайым мұқтаж әрі соған құштар.

Бұл қасиетті айда жалпы қоғамның атмосферасы өзгереді. Оның медиада да әсері байқалады. Өзін-өзі бақылау күшейеді, эмпатия жоғарылайды. Көмек көрсетуге, қайырымдылыққа назар көбірек ауады. Медиадағы контент те осы бағытта басымырақ болады.

Медиа бұл кезеңде қоғамның көңіл күйіне тікелей әсер етпейді, керісінше сол позитивті көңіл күйді көрсетіп, таратады.

Мысалы, X (Twitter) әлеуметтік желісінде #ramadan, #charity, #zakat және осыған ұқсас басқа да хэштегтермен жарияланған посттар жақсылықтың хабаршысына айналады.

Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде қайырымдылық, жақсы оқиғалар және отбасылық құндылықтар туралы жазбалар көбейеді.

Қайырымдылыққа қаржы жинау, оқырмандарды көмектесуге шақыру үлесі жоғарылайды. Негізі, бұл тенденцияға оқырман да «үйренген». Жыл сайын күтеді. Бұл — әлеуметтік желінің өзіндік «тәрбиесі».

Әрине, «басқа» жаңалықтар да қатар жүреді. Олар жоғалып кетпейді.

Қорытынды ой: Рамазан айында адамдардың мінез-құлқы ғана емес, қоғамдық кеңістіктің тілі де өзгереді. Медиа мен әлеуметтік желілер осы өзгерістің айнасына айналады: агрессия азайып, эмпатия күшейеді, қақтығысқа емес, адам тағдырына негізделген оқиғалар көбейеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments