Регель қызғалдағы лалагүлдер туысына жататын өсімдік.
Регель қызғалдағының биіктігі бар болғаны 5-10 см. Елімізде наурыз, сәуір айының аяғында, Ташкент ботаника бағында өсірілгендері наурыз айында гүлдейді.
Сирек кездесетін өсімдіктің бұл түрі Жамбыл ауданы,«Таңбалы» мемлекеттік тариxи-мәдени және табиғи музей-қорығында наурыздың 25-нен 26-на қараған түні гүлдегенін айта кеткен жөн. Жылына бір рет қана гүлдейтін Регель қызғалдағын тамашалап, оның тарихына терең үңілу үшін арнайы түсірілім тобы да келген көрінеді.