Пятница, 31 января, 2025
Басты бетЖаңалықтарРеспубликалық «Нарынқол-Кеген» күре жолы жөнделеді

Республикалық «Нарынқол-Кеген» күре жолы жөнделеді

 

Елдің көкейінде жүрген, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан, Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтеді. Бұл туралы Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев айтты.
«2024 жылы бұл жолдың 15 шақырымы жасалынды, қалған 74 шақырымына қаражат бөлініп, «Қазавтожол» мекемесі көктем шыға жөндеу жұмыстарына кіріседі»,-дейді аудан басшысы Берік Фатықұлы.
Биылғы жылы нарынқолдықтар үшін ақжолтай жаңалыққа толы болмақ. Аудан әкімі тұралап келе жатқан мәселелер шешімін табады, дейді. Мәселен, 2025 жылы Райымбек ауданы толқытай орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.
Өңірде 20 елді мекен мен 11 ауылдық округ бар. Бүгінгі таңда Қарасаз және Шалкөде ауылдарына су тарту жұмыстары қолға алынып, жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоспар жүзеге асса, Райымбек ауданында ауыз суға қатысты мәселе туындамайтын болады. Еске саламыз, былтыр , Тұзкөл, Тегістік, Көкбел ауылдарының ауыз су жүйелері қолданысқа өткен еді.
Баспасөз мәслихаты барысында аудан басшысы Берік Дүйсенбаев халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту үшін, аймақта бағаны тұрақтандыруға қатысты біршама жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Қуантарлығы, аграрлы өңірде ұн бағасы нарықтан 3-4 мың теңгеге арзан. Оның себебі, екі бірдей кәсіпорын ұнды арзан бағаға сатуымен байланысты.
«Егін шаруашылығымен айналысатын «Райымбек НАН» ЖШС мен «Алтын Дән» ЖШС-і аудан тұрғындарына арзан бағада ұн сатуда. Бұл нарық бағасынан 3-4 мың теңгеге арзан және халыққа тиімді»,-дейді Берік Дүйсенбаев.
Алдағы уақытта Нарынқолда арнайы азық-түлік дүкені ашылады. Ол үшін орында қарастырылып қойған. Алға қойған мақсаттар орындалса , өңірде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қалтаға ауырлық салмайды деген ойда, аудан әкімі Берік Фатықұлы.
Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тірі салмақтағы мал мен құс етін өндіру 10,1%-ға, сиыр сүтін өндіру 4,5%-ға өсті.
2024 жылы Райымбек ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 42% ға артып, 944,5 млн. теңгеге жеткен болатын. Тауар айналымыда айтарлықтай өсіп, нақты индекстің көлемі 110,2 пайыздық көрсеткішті көрсетуде. Тіпті, ауданға тартылған инвестиция көлеміде жоғарылаған. Жалпы құны 10 млрд. 52,4 млн. теңгеге жеткен жайы бар.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments