Site icon ATAMEKEN

Республика күніне құттықтау

25 қазан еліміз үшін ерекше күн. Республика күні.

Бұл мереке егеменді еліміздің ең қадірлі, аса маңызды күндерінің бірі.

1990 жылы тәуелсіздігімізге алғаш қадам жасалып, дәл осы күні декларация қабылданды. Содан бері еркін елдің әр ұрпағы елдіктің ұлы мерекесін тойлап келеді.

Республика күні – елдің тарихын тануға, ұлан-байтақ даламыздың қадір-қасиетіне жетіп, бүгінгі бейбіт күннің маңызын ұғындыратын айрықша атаулы мереке. Тілегі бір, жүрегі бір халқымыздың аспаны бұлтсыз, болашағы жарқын болғай!

Ашық аспан астында еліміз, жеріміз дамып әлемге таныла берсін!

Республика күні құтты болсын!

Күмісжан Байжан

 

Exit mobile version